АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу мен Киевке бір-бірімен тікелей келіссөз жүргізу жөнінде талап қойған. Breitbart басылымына берген сұхбатында Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф осылай деп мәлімдеді.
"Оның (Трамптың) пікірінше, егер келіссөз өтпейтін болса немесе жақын арада өтпесе, онда Америка Құрама Штаттары, бұл жанжалдан аулақ кетіп, не болатынына қарамастан, оған араласпағаны жөн, — деді Уиткофф Трамп жайлы. — Біз араағайын болуға дайынбыз. Бірақ бұл біздің соғыс емес. Бұл соғысты біз бастаған жоқпыз. Бірақ біз оның аяқталуына көмектескіміз келеді".
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский "Путинді күтетінін" айттыУиткофф Украинадағы соғысты "ақымақтық" деп атап, ол "басталмауға тиіс еді" деп мәлімдеді. Ол Ресей мен Украина президенттері жақын арада кездесуі мүмкін деп есептейді.
Сұхбат өткен аптада — Ресей президенті Владимир Путинн Украинадан Стамбұлда тікелей келіссөз жүргізуді талап етерден бұрын және Украина президенті Владимир Зеленский Стамбұлға өзі барыпп, Путинді бетпе-бет кездесуге күтемін деп уәде бергенге дейін жазылып алынған.
Осыдан кейін Трамп та Стамбұлдағы кездесуге қатысуға дайын екенін аңғартты. Кремль Путинді Стамбұлға жеке келуге шақырған Зеленскийдің талабына байланысты нақты жауап бермей, тек Мәскеу тікелей келіссөзге қайта оралу қажеттігі жөніндегі өз ұстанымын білдіргенін айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Бітім жайлы сөз болып жатқанда Ресей Украинаға 108 дронмен шабуылдаған